Мағжан Шамшадин Будапештте өтіп жатқан Grand Slam турнирін аяқтады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Шамшадин алғашқы айналымда француз дзюдошысы Максим Мерлинмен кездесті. Бұған дейін аталған қарсыласын 2022 жылы Загребте өткен Grand Prix турнирінде жеңген еді. Бұл жолы қос спортшы да бір-бір ескертуден алды. Алайда жекпе-жек барысында француз спортшысы нәтижелі әдіс жасап, жеңіске жетті.
Осылайша, Мағжан Шамшадин халықаралық аренада қатарынан жетінші рет жеңіліп отыр. Бұл серияға Grand Slam жарыстарындағы бес жеңіліс пен әлем чемпионатындағы бір сәтсіздік кіреді.
Айта кетейік, Шамшадин соңғы рет Астанада өткен Grand Slam турнирінде қола медаль иеленген болатын.
