20 жастағы АҚШ балуаны Бо Бассетт Астанада өтіп жатқан күрестен ересектер арасындағы әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында америкалық балуан Армения өкілі Вазген Теванянмен кездесіп, 9:1 есебімен айқын жеңіске жетті.
Айта кетейік, Бо Бассетт жартылай финалға дейінгі жолда нағыз сенсация жасаған еді. Ширек финалда ресейлік Абасгаджи Магомедовпен белдескен америкалық спортшы 2:12 есебімен ұтылып жатып, соңғы сәттерде керемет камбэк жасап, 14:13 есебімен жеңіске жетті.
