Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында бессайыстан әйелдер арасындағы жартылай финал өтті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандастарымыз жарыстың екінші күнінде семсерлесу, кедергілер жолағы, жүзу мен laser run сайыстарында өнер көрсетті.
Еліміздің атынан Аяна Қазбекова (1363 ұпай) мен Диана Щедрова (1356 ұпай) өз топтарында бесінші орын алып, финалға жолдама алды. Юлиана Петрова 1345 ұпаймен тоғызыншы нәтиже көрсетіп, шешуші кезеңге өтті.
Әйелдер арасындағы финалдық жарыс 20 қыркүйекте өтеді.
