Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Хамза Шираз арасындағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Танымал америкалық «The Ring magazine» кәсіпқой бокс басылымының хабарлауынша, Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) екі боксшы арасындағы әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жекке промоутерлік бәссауда өткізді.
Қорытындысында, британдық боксшының промоутерлік компаниясы Queensberry Promotions 1 001 809 доллар ұсынып, жекпе-жекті өткізу құқығын жеңіп алды.
Ал қазақстандық боксшының командасы Top Rank 820 000 доллар ұсынған.
Жекпе-жек 28 қараша немесе
5 желтоқсанда Лондон, Бирмингем немесе Нью-Йоркте өтуі мүмкін.
Айта кетейік, Хамза Шираз рингке шыққаны үшін 751 356,75 доллар (75%), ал Жәнібек Әлімханұлы 250 452,25 доллар (25%) алады.
