Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-та кешенді ем қабылдауды бастағанын мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Қазір ем қабылдауды бастадым.
Тек капельница емес, толыққанды кешенді ем. Менің жағдайым жақсы болады деп ойлаймын. Сондықтан бұған дейінгі жазбаларымда біреуді ренжітіп, ауыр сөздер айтқан болсам, оған мән бермеңіздер.
Кімнің басынан өтпейді? Менде тікелей эфирге шығу деген жаман әдет бар еді. Бірақ енді олай болмайды деп ойлаймын. Өйткені бұл әдеттен арылуға шындап ниеттімін. Жақында қатарға қосыламын. Бұрынғы көңілді, бақытты Данияр қайта оралады», — деді Елеусінов.
