Жоламан Биғабыл Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Каратэден 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететен отандасымыз ширек финалда Тәжікстан өкілі Махсатулло Муминовты 7:0 есебімен жеңді.
Жартылай финалда Жоламан Биғабыл Мұхаммед Тегар (Индонезия) мен Ак Ахмад Муниб Хасимудин (Бруней) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасының еншісінде екі медаль бар. Триатлоннан Арлан Жанабай қола жүлде алса, тас жолдағы велоспорттан Рината Сұлтанова алтын медаль иеленді.
