Софья Берульцева Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Каратэден +68 келі салмақта ширек финалда отандасымыз Сауд Арабиясының өкілі Дина Ахмед Мостафаны 9:6 есебімен жеңді.
Жартылай финалда Софья Берульцева Непал спортшысы Арика Гурунг пен Иордания өкілі Яра Насер арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Софья Берульцева — 2022 жылғы Азия ойындарының чемпионы және 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
