Каратэші Жоламан Биғабыл Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз жартылай финалда Индонезия өкілі Мұхаммад Тегар Жануарды 6:1 есебімен жеңді.
Алтын медаль үшін өтетін финалда Жоламан Биғабыл Өзбекстан өкілі Хумоюнмирзо Халимовпен кездеседі.
Фото: Арлан Олжабай
