Қазақстандық Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Польшаның Закопане қаласында өтіп жатқан FIS кубогінің жеңімпаз атанды.
Данил Васильев 249.4 ұпаймен алтын медальға ие болды. Күмісті даниялық Мартин Хамам (247.5) алса, үздік үштікті австриялық Ульрих Волгенант (246.5) қорытындылады.
Ал Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Илья Мизерных 15-орынға жайғасты.