Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының екі спортшысы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Қадырбек Шынбаев жартылай финалда Өзбекстан өкілі Нодирбек Шавкатовпен кездесті. Отандасымыз қарсыласын 3:0 есебімен жеңіп, финалға шықты.
Ал 77 келіге дейінгі салмақта дәстүрлі стильде сынға түскен Еркінғали Бүркіталин жартылай финалда Филиппин спортшысы Карлос Альваресті 3:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отыр.
