Каратэші Әсел Қанай Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жартылай финалда Камбоджа өкілі Чакрия Ваннмен кездесті.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша Әсел Қанай 3:0 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың шешуші кезеңіне өтті.
Айта кетейік, Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.
