Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы каратэден кезекті жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әсел Қанай финалда Қытай өкілі Гон Лиге қарсы татамиге шықты.
Тартысты бәсекеде қытайлық спортшы 8:2 есебімен жеңіске жетіп, алтын медальді иеленді. Осылайша, Әсел Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Қазақстандық каратэші жарыс жолын 1/8 финалдан бастап, алғашқы кездесуінде Бангладеш өкілі Актер Хумайра Антораны 9:1 есебімен жеңді. Ширек финалда моңғолиялық Маралжингоо Пуревжавтан 6:0 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда Камбоджа спортшысы Чакрия Ванды 3:0 есебімен ұтты.
Айта кетейік, кеше каратэден Жоламан Биғабыл (-55 келі) мен Софья Берульцева (+68 келі ) Азия ойындарының чемпионы атанған еді.
