ММА шебері Еркінғали Бүркіталин жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз 77 келіге дейінгі салмақта (дәстүрлі стиль) финалда Бахрейн өкілі Мұхаммед Нәбиевпен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Еркінғали Бүркіталин Қазақстан қоржынына Азия ойындарының бесінші алтынын салды.
Айта кетейік, ММА Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында алғаш рет жарыс бағдарламасына енгізілді.
