Каратэші Нұрқанат Әжіқанов жазғы Азия ойындарында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз қола жүлде үшін өткен жекпе-жекте Филиппин өкілі Алвин Батиканды 10:1 есебімен жеңді.
Осылайша, қазақстандық спортшы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бұған дейін Бэлла Самашева каратэден Азия ойындарының қола жүлдегері атанған еді.
