Қазақстандық жауынгер Қадырбек Шынбаев Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында аралас жекпе-жектен алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандық спортшы 71 келіге дейінгі салмақта (modern) сынға түсті.
Алтын жүлде үшін өткен финалда Қадырбек Шынбаев тәжікстандық Бехруз Хуршедзоданы 3:0 есебімен жеңді.
Осылайша, Қадырбек Шынбаев Қазақстан құрамасына аралас жекпе-жектен екінші алтын медальді сыйлады.
