Қазақстан ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында командалық сайысты төртінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ұлттық құрама командалық есепте 237.596 ұпай жинады. Қазақстан сапында Нариман Құрбанов, Дмитрий Патанин, Милад Карими, Нұртан Идрисов және Ильяс Азизов өнер көрсетті.
Командалық бәсекеде Қытай құрамасы 255.095 ұпаймен Азия ойындарының чемпионы атанды. Жапония 253.826 ұпаймен күміс жүлдеге ие болса, Қытай Тайбэйі 239.896 ұпаймен үшінші орын алды.
