Қазақстандық семсерлесуші Артем Саркисян Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль иеленді, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандасымыз ерлер арасында қылыштасудан жекелей жарыста жүлдеге таласты.
Ширек финалда Артем Саркисян Оңтүстік Корея өкілі До Гёндонмен кездесіп, 15:14 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, До Гёндон командалық жарыста Олимпиада чемпионы атанған.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы тағы бір оңтүстіккореялық семсерлесуші О Сан Укке қарсы өнер көрсетті. Жекпе-жек 9:15 есебімен аяқталып, Саркисян финалға өте алмады. Осылайша, ол Азия ойындарының жекелей жарысында қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, О Сан Ук — үш дүркін Олимпиада чемпионы. Ол 2024 жылғы Париж Олимпиадасында жекелей және командалық жарыста жеңіске жетсе, 2020 жылғы Токио Олимпиадасында командалық бәсекеде топ жарған.
