Алматы облысында өтіп жатқан халықаралық оқу-жаттығу жиынына әлемнің үздік дзюдошылары қатысып жатыр. Қатысушылар қатарында үш Олимпиада чемпионы, Олимпиада ойындарының 11 жүлдегері, әлем чемпионаттарының 20 жеңімпазы мен 50-ге жуық жүлдегері бар.
Әлемдік дзюдоның жетекші өкілдерінің басын қосқан жиын спортшыларға тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберліктерін шыңдауға және алдағы халықаралық жарыстарға дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Халықаралық оқу-жаттығу жиыны 5–15 тамыз аралығында өтеді.
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктесі – «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
