World Taekwondo ұйымының президенті Чунгвон Чоу Гран-при финалына қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстан таеквондо федерациясы халықаралық ұйым басшысын елорда әуежайында салтанатты түрде қарсы алды.
Айта кетейік, Қазақстан биыл алғаш рет World Taekwondo Grand Prix Final жарысын қабылдайды. Әлемнің үздік таеквондошылары Астана төрінде бас қосып, жылдың басты додасында өзара мықтыны анықтайды.
