Алан Құрманғалиев үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандасымыз Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан әлемдік додада жұптық сында Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетіп жатыр.
Ширек финалда олар Үндістан құрамасының өкілдері Абхинандх Прадхивади мен Приянудж Бхаттачарьяны 3:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Осылайша, Алан Құрманғалиев әлем чемпионатының кем дегенде қола жүлдесін иеленді.
Финалға шығу үшін қазақстандық-ираниялық жұп Оңтүстік Корея өкілдері Ким Дэхван мен Ли Хенхоға қарсы ойнайды. Кездесу 26 қарашаға жоспарланған.
