Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Абу-Даби қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы сапынан жеті дзюдошы тізімге енді.
Атап айтқанда, 60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар ел намысын қорғайды. 66 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев пен Ақылжан Жұбатқанов татамиге шығады.
Ал 81 келіге дейінгі салмақта Жалғас Қайролла, 90 келіге дейінгі салмақта Айдар Арапов, 100 келіге дейінгі салмақта Марат Байқамуров бақ сынайды.
Айта кетейік, турнир 29-31 қазан аралығында өтеді. Дегенмен қатысушылардың алдын ала тізіміне өзгерістер енгізілуі мүмкін.
