Бокстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Бақыт Сәрсекбаев Черногорияда өтетін әлем чемпионатына қатысатын боксшылар тізімін жариялады, деп жазады Sportbugin.kz.
Әлем біріншілігінде Қазақстан намысын 10 боксшы қорғайды. Олар:
1. Әділ Асканбай — 50 келі;
2. Айдос Усенов — 55 келі;
3. Данияр Ақбисенов — 60 келі;
4. Ақжүрек Қалабай — 65 келі;
5. Бибарыс Ешірбай — 70 келі;
6. Әмір Рамазан — 75 келі;
7. Тимур Тайбеков — 80 келі;
8. Руслан Ахметов — 85 келі;
9. Еркетан Жаркынбек — 90 келі;
10. Владислав Саможонов — 90 келіден жоғары.
Айта кетейік, U19 әлем чемпионаты 15-27 қазан аралығында Черногорияның Будва қаласында өтеді.
