Қазақстан 2027 жылы Астанада өтетін дзюдодан әлем чемпионатының туын ресми түрде қабылдады, деп жазады Sportbugin.kz.
Салтанатты рәсім Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды. Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) келесі әлем чемпионатын қабылдайтын ел ретінде Қазақстанға жарыстың туын табыстады.
