Виктория Графеева Азия ойындарында Қытай Тайбэйінің өкілі Линь Юйтиннен жеңілгенін мойындамайтынын айтты, деп жазады Sportarena.kz. сайтына сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы 1/8 финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Линь Юйтинмен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңілді. Графеева бұл шешімді әділетсіз деп санайды.
«Мен жекпе-жекті жеңілдім деп есептемеймін. Өз қателіктерімді мойындаймын. Бірақ кездесуді тұтастай алғанда, төрешілердің шешімі мүлде әділетсіз болды деп есептеймін», — деді боксшы.
Сондай-ақ ол бірінші раундтың 4:1 есебімен қарсыласына берілгеніне таңғалғанын жеткізді.
«Жалпы, төрешілікті түсінбеймін. Бірақ мен өзімнің физикалық тұрғыдан да, тактикалық жағынан да мықты екенімді білдім», — деді Виктория Графеева.
