Арсен Жұма АҚШ-та ю өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде қырғызстандық Барысбек Асанходжаевпен кездесті.
Нәтижесінде Арсен Жұма 3:0 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының қола медалін иеленді.
Айта кетейік, қазақстандық балуан ширек финалда грузиялық Коба Карумидземен белдесіп, жеңіліп қалған еді. Алайда грузиялық спортшы финалға шыққаннан кейін Арсен Жұма жұбаныш белдесуінде бақ сынауға мүмкіндік алды.
Жұбаныш кезеңіндегі кездесуде отандасымыз албаниялық Анди Мукиден басым түсіп, қола медаль үшін күресуге жолдама алды.
