АҚШ-та өтіп жатқан күрес түрлерінен U23 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі қола медальмен толықты, деп жазады Sportbugin.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Арсен Жұма үшінші орын үшін өткен белдесуде қырғызстандық Барсбек Асанқожоевты жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Сондай-ақ аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Джохар Узаров қола медаль үшін белдесуде Армения өкілінен басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының сапында Айбек Айтбеков (60 кг) пен Юсуф Ашрапов (72 кг) әлем чемпионы атанса, Темірлан Тұрдақын (87 кг) күміс жүлдеге ие болды.
