Біріккен күрес әлемі (UWW) балуандардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Исхар Құрбаев бірден 32 сатыға жоғарылап,
37-орыннан 5-орынға көтерілді. Бұған Астанада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатында жеңіп алған қола медалі себеп болды.
Ал әйелдер күресінен 50 келі салмақтағы Зейнеп Баянова рейтингте бірден жеті сатыға жоғарылап, екінші орынға жайғасты. Зейнеп Баянова Жапонияда өткен Азия ойындарында және Астанада ұйымдастырылған әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған еді.
Айта кетейік, UWW 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу жүйесіне өзгерістер енгізді. Жаңа жүйеде рейтингтік турнирлерде жинаған ұпайлардың маңызы арта түспек.
