Астанада 27-29 қараша аралығында өтетін World Taekwondo Grand Prix Final 2026 турнирінің финалы өтеді. Бүгін байрақты бәсекенің жалауы көтерілді, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан алғаш рет қабылдап отырған дүбірлі додаға әлемнің 38 елінен 128-ден астам спортшы қатысады.
Қатысушылар арасында тоғыз Олимпиада чемпионы, 13 Олимпиада жүлдегері, 15 әлем чемпионы және әлем чемпионаттарының 20 жүлдегері бар.
Турнир қорытындысы спортшылардың Олимпиада рейтингіне де әсер етеді. Жеңімпазға 100 ұпай берілсе, күміс жүлдегер 60, қола медаль иегері 36 рейтингтік ұпай еншілейді.
Сондай-ақ бүгін, 27 қарашада пара таеквондодан әлемдік серияның шешуші кезеңіндегі жарыстар басталды. Оған 25 елден 70-ке жуық спортшы қатысып, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алу жолындағы маңызды рейтингтік ұпайларды сарапқа салады.
