Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Мароккода өткен әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Шпагамен семсерлесуден өткен командалық сайыстың финалында қазақстандық спортшылар Ресей құрамасымен кездесіп, 45:40 есебімен жеңіске жетті.
Отандастарымыз жарыс барысында Түркия мен Гонконг құрамаларын жеңіп, ширек финалда Мысырдан, жартылай финалда Франциядан басым түсті.
Ұлттық құрама сапында Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті.
Айта кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасы шпагамен семсерлесуден 2026 жылы Жапонияда өткен Азия ойындарында да алтын медаль иеленген. Сонымен қатар, осы маусымда қазақстандық спортшылар Азия және әлем чемпионаттарында топ жарды.
