Жапонияда өткен жазғы Азия ойындарында Аққалықовтың жекпе-жегіне бұған дейін даулы кездесуге төрелік еткен француз арбитрі қазылық жасаған, деп жазады Sportbugin.kz.
80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда оңтүстіккореялық Ким Минсоннан төрешілер шешімімен жеңіліп, Азия ойындарындағы жарысын аяқтады.
Осы кездесуде төрешілердің қатарында болған Эду Бланшар бұған дейін Әлем кубогы кезеңінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен испаниялық Хуго Грау арасындағы даулы жекпе-жекке де төрелік еткен.
Аталған оқиғадан кейін World Boxing ұйымы төрешілердің жарыстардан шеттетілгенін хабарлаған. Алайда Бланшар жарыстың бір күнін ғана өткізіп, кейін төрешілік қызметіне қайта оралған.
Мәліметке сәйкес, француз арбитрі Жапонияда өткен Азия ойындарында Қазақстан боксшыларының бес жекпе-жегіне төрелік еткен.
