23-25 қазан аралығында Францияда мәнерлеп сырғанаудан 2026/27 жылғы маусымның Гран-при сериясының алғашқы кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұл жарыста Қазақстан атынан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров өнер көрсетеді.
Қазақстандық спортшы жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық жарысында жүлдеге қол жеткізіп, жаңа бағдарламаларын таныстырған болатын. Енді ол Франциядағы Гран-при кезеңінде бақ сынайды.
Михаил Шайдоровтың басты қарсыластарының бірі — Еуропаның екі дүркін чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Адам Сяо Хим Фа.
Сонымен қатар жарысқа Гран-при кезеңдерінің жеңімпаздары, ірі халықаралық турнирлердің жүлдегерлері және жас мәнерлеп сырғанаушылар қатысады.
Айта кетейік, Франциядағы жарыс 25 қазанда аяқталады.
