Пара дзюдошысы Жұрқамырза Шүкірбеков Жапонияда өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Отандасымыз J2 санатында 95 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Финалда Жұрқамырза Шүкірбеков ирандық Мохаммадреза Хейроллахзаде Варзиден басым түсті.
Айта кетейік, бүгін, 21 қазанда, Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті. Пара жүзгіш Әли Тұрғанбеков 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 1 минут 44,26 секунд нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.
