Гимнаст Нұртаң Ыдырысов Нидерландыда өтіп жатқан әлем чемпионатында жекелей көпсайыс финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Іріктеу кезеңінде қазақстандық гимнаст 79,665 ұпай жинап, 17-орынға тұрақтады.
Шешуші кезеңде үздік 27 гимнаст өнер көрсетеді.
Айта кетейік, әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Нариман Құрбанов та финалға жолдама алды.
