Черногорияда бокстан U19 санатындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
85 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Руслан Ахметов 1/8 финалда ресейлік Кирилл Коршаковпен кездесті.
Тартысты жекпе-жекте қос боксшы да басымдыққа ие болуға тырысты. Алайда төрешілер шешімімен қарсыласы 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Руслан Ахметов әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.
