Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Хорватияда өтетін Гран-при турниріне қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасынан жарысқа 17 дзюдошы қатысады. Ерлер арасында ел намысын сегіз спортшы қорғайды.
60 келі: Аман Бақытжан, Нұрәділ Әлжан;
66 келі: Нұрқанат Серікбаев;
73 келі: Бақытжан Абдурахманов;
90 келі: Ермахан Ануарбеков, Нұржан Бисенов;
100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Жантілек Нұртілепұлы.
Әйелдер арасында тоғыз дзюдошы бақ сынайды.
48 келі: Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева;
52 келі: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова;
57 келі: Дана Әбдірова;
63 келі: Есмигүл Куюлова;
70 келі: Ажар Асхат;
78 келі: Екатерина Токарева;
78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова.
Айта кетейік, Загребтегі Гран-при турнирі 13-15 қараша аралығында өтеді. Қатысушылардың алдын ала тізімі өзгеруі мүмкін.
