Черногорияда бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасының жеті боксшысы ширек финалға жолдама алды. Бақыт Сәрсекбаев бастаған құраманың он боксшысы жарысқа қатысқан еді. Олардың жетеуі келесі кезеңге өтті.
Ширек финалға шыққан отандастарымыздың қатарында Әділ Асқанбай (50 келіге дейін), Айдос Үсенов (55 келіге дейін), Данияр Ақбисенов (60 келіге дейін), Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін), Бейбарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Еркетаң Жарқынбек (90 келіге дейін) және Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) бар.
Айта кетейік, жалпыесепте Қазақстан құрамасы Ресей және Өзбекстан командаларымен бірге көш бастап тұр. Аталған үш елдің ерлер құрамасынан жеті боксшыдан ширек финалға шықты. Сондай-ақ Ирландия бес спортшысын келесі кезеңге өткізсе, Англия мен АҚШ құрамаларында төрт боксшыдан бар.
