Қазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Оқасов Біріккен күрес әлемінің (UWW) бюросына мүше болып сайланды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұл шешім 23 қазанда Астанада өткен UWW Конгресінде қабылданды.
Әлемдік күрестің басқарушы органына мүшелерді сайлау барысында Еркін Қадырғалиұлы 117 дауыс жинап, Бюро құрамынан орын алды.
Осылайша, Қазақстан өкілі енді халықаралық күрестің дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға тікелей қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін Дәулет Тұрлыханов UWW Бюросының мүшесі болған. 2025 жылы Тұрлыханов Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының бюро мүшесі қатарынан ресми түрде шығарылды.
