Айдос Сұлтанғали Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалына шыға алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз жартылай финалда жапониялық Кото Гомимен кездесіп, 1:5 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Айдос жарыс барысында ресейлік Анвар Аллахияровты 4:3 есебімен ұтып, ширек финалда әзербайжандық Мурад Маммадовтан 4:1 есебімен басым түскен еді.
