Бағдат Сабаз Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының ширек финалында жеңілді, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Олимпиада чемпионы Саид Эсмаили Лейвесимен кездесіп, 2:7 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, Бағдат Сабаз бұған дейінгі екі белдесуінде де жеңісті жұлып алған еді. Алдымен ол қырғызстандық Раззак Бейшекеевті 8:4 есебімен ұтты. Кейін болгариялық Абу-Муслим Амаевқа қарсы кездесуде 0:5 есебімен ұтылып жатып,
7:5 есебімен жеңіске жетті.
Енді отандасымыздың жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігі Саид Эсмаили Лейвесидің финалға шығуына байланысты.
