Грекиялық теннисші Стефанос Циципас Алматыда өткен ATP 250 санатындағы «Almaty Open-2026» турнирінің жартылай финалында грузиялық Николоз Басилашвилиге есе жіберді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
24 қазанда өткен кездесуде әлемдік рейтингтің 39-сатысында тұрған Циципас 128-орындағы Басилашвилимен кортқа шықты. Матч 2 сағат 17 минутқа созылып, үш сетте аяқталды.
Қорытынды есеп — 6:4, 6:7 (5:7), 6:3. Осылайша, грузиялық теннисші грек қарсыласынан басым түсті.
Айта кетейік, кездесу барысында күтпеген жағдай тіркелді. Жарық прожекторларының сәулесі Николоз Басилашвилидің көзіне түсіп, ойын уақытша тоқтатылды. Ұйымдастырушылар мен жарыс басшылығы мәселені шешуге әрекет жасады. Ал жанкүйерлер корттағы теннисшілерге қолдау білдірді.
