Бағдат Сабаз Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз іріктеу кезеңінде Қырғызстан өкілі, Азия чемпионы Раззак Бейшекеевпен кездесті.
Белдесу барысында 0:2 есебімен ұтылып жатқан Бағдат Сабаз таразы басын өз пайдасына бұрып, қарсыласын 8:4 есебімен жеңді.
Осылайша, қазақстандық балуан әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.
