Өзбекстан атынан сынға түсетін этникалық қазақ Айтжан Қалмаханов Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін балуан жартылай финалда Армения өкілімен белдесіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, 20 жастағы Айтжан Қалмаханов үшін бұл — әлем чемпионатының екінші финалы. Ол 2025 жылы Загребте өткен әлем біріншілігінде 63 келіге дейінгі салмақта чемпион атанған еді. Ал бірер апта бұрын Жапонияда өткен Азия ойындарында да топ жарып, алтын медаль иеленді.
Енді Қалмаханов Астанадағы әлем чемпионатында екі дүркін әлем чемпионы атануға таласады.
