Бағдат Сабаз Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізіп, ширек финалға шықты, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта белдесетін отандасымыз 1/8 финалда Болгария өкілі Амаевпен кездесті. Белдесу барысында 0:5 есебімен ұтылып жатқан Бағдат таразы басын өз пайдасына аударып, қарсыласын 7:5 есебімен жеңді.
Айта кетейік, алғашқы белдесуінде де қырғызстандық Раззак Бейшекеевтен
0:2 есебімен ұтылып жатып, 8:4 есебімен жеңіске жеткен еді.
Осылайша, Бағдат Сабаз әлем чемпионатындағы қатарынан екі белдесуде де камбэк жасады.
