Черногорияда бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
World Boxing ұйымы аясында өтіп жатқан жарыста
Бақыт Сәрсекбаев баптайтын құраманың екі боксшысы финалға жолдама алды. Олар — 70 келіге дейінгі салмақтағы Бибарыс Әшірбай мен аса ауыр салмақтағы Владислав Саможонов.
Осылайша, қос боксшы әлем біріншілігінің алтын медалі үшін сынға түседі.
