2027 жылғы 5–15 тамыз аралығында Астанада 19 жасқа дейінгі қыздар арасында волейболдан әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Әлемдік додаға 24 құрама қатысып, чемпиондыққа таласады. Турнир аясында командалар жалпы 52 матч өткізеді.
Жарыс жас волейболшыларға халықаралық деңгейде өз шеберлігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Ал қазақстандық жанкүйерлер әлемнің үздік жас құрамаларының өнерін тамашалап, еліміздің жас спортшыларына қолдау білдіре алады.
