Ислам Евлоев Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 97 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз 1/8 финалда Литва балуаны Миндаугас Венцкайтисті 4:0 есебімен жеңді.
Осылайша, Ислам ширек финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық балуан алғашқы белдесуінде Мысыр өкілі Мохамед Габарды 5:1 есебімен ұтқан болатын.
