Алматбек Аманбек Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Грек-рим күресінен 72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/8 финалда хорватиялық Павел Пуклавецпен белдесті.
Тартысты кездесуде Алматбек 0:4 есебімен ұтылып жатқан еді. Алайда отандасымыз есепті 6:4-ке жеткізіп, таза жеңіске жетті.
Енді Алматбек Аманбек әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін Грузия балуанымен белдеседі.
