Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында жүлдегерлер қатарына қосыла алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері ат снарядындағы жаттығулар бойынша финалда өнер көрсетті. Отандасымыздың өнерін төрешілер 14,933 ұпаймен бағалады.
Әлем чемпионы атағын 15,300 ұпай жинаған Армения өкілі Гамлет Манукян иеленді. Италиялық Габриэле Таргетта 15,233 ұпаймен күміс медаль жеңіп алса, тағы бір армениялық гимнаст Мамикон Хачатрян 15,000 ұпаймен қола жүлдегер атанды.
Осылайша, Нариман Құрбановқа әлем чемпионатының қола медалін иелену үшін небәрі 0,067 ұпай жетпей қалды.
