Едіге Қасымбек Астанада өтіп жатқан күрестен Әлем чемпионатындағы жарыс жолын 1/8 финалда аяқтады, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз бұл кезеңде түркиялық Хакан Буюкчингилмен белдесіп, 1:11 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Едігенің жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігі оның қарсыласының финалға шығуына байланысты.
