Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жүлдегерлері анықталды. Жеңіс тұғырына үш бірдей Олимпиада чемпионы көтерілді, деп жазады Sportbugin.kz.
АҚШ балуаны Кайл Снайдер әлем чемпионы атанды. Финалда ол Жапония өкілі Араш Йошидамен кездесіп, 0:4 есебімен жеңіліп жатып, белдесудің соңғы бөлігінде таразы басын өз пайдасына аударды.
Қола медаль үшін өткен белдесулерде ресейлік Абдулрашид Садулаев польшалық Збигнев Матеуш Барановскийді 5:0 есебімен жеңді.
Ал ирандық Хасан Яздани дәл осындай есеппен Бахрейн өкілі Ахмед Тажудиновтан басым түсті.
Айта кетейік, Кайл Снайдер, Абдулрашид Садулаев және Хасан Яздани — Олимпиада ойындарының чемпиондары. Үшеуі де Астана төрінде әлем чемпионатының жеңіс тұғырына көтерілді.
Әлем чемпионатының жүлдегерлері:
Алтын — Кайл Снайдер (АҚШ)
Күміс — Араш Йошида (Жапония)
Қола — Абдулрашид Садулаев (Ресей)
Қола — Хасан Яздани (Иран)
